Алма пішініндегі премиум кәмпиттер — қанық дәм мен шоколад үйлесімінің көрінісі. Жоғары сапалы ақ шоколадтан жасалған нәзік қабықтың ішінде қазақстандық алмадан дайындалған хош иісті джем және талғампаз қара шоколад қабаты бар. Жеміс ноталары, кремді жұмсақтық және бай шоколад дәмі үйлесіп, ерекше әрі көпқырлы әсер сыйлайды. Сәнді келбеті, табиғи ингредиенттері және ерекше тарихы Qazaq Apple кәмпиттерін талғампаз сыйлыққа айналдырады.
Алма пішініндегі премиум кәмпиттер — табиғи балғындық пен үйлесімді дәмнің көрінісі. Жоғары сапалы ақ шоколад қабығының ішінде қазақстандық алмадан дайындалған хош иісті джем және жұмсақ жержаңғақ пастасының қабаты бар. Жеміс шырындылығы, кремді нәзіктік және қанық жаңғақ дәмі үйлесіп, теңдестірілген әрі жағымды әсер сыйлайды. Сәнді келбеті мен табиғи құрамы Qazaq Apple кәмпиттерін ерекше сыйлыққа айналдырады.
Алма пішініндегі премиум шоколад кәмпиттері — Қазақстанның, алманың тарихи отанының символы. Жоғары сапалы ақ шоколадтан жасалған нәзік қабықтың ішінде даршынның жылы реңкі қосылған қазақстандық алмадан дайындалған хош иісті джем және жұмсақ карамель қабаты бар. Жеміс балғындығы, кремді тәттілік және жеңіл дәмдеуіш ноталарының үйлесімі алғашқы дәмнен-ақ есте қалатын талғампаз әсер сыйлайды. Сәнді келбеті, табиғи ингредиенттері және ерекше тарихы Qazaq Apple кәмпиттерін керемет сыйлыққа айналдырады — бұл талғам мен құрметтің белгісі.
Qazaq Apple Mix Trio сыйлық жиынтығы ерекше үшбұрышты қаптамада ұсынылған. Бұл пішін Қазақстан тауларын — барлық алмалардың арғы атасы саналатын Сиверс алмасы пайда болған табиғи мекенді бейнелейді. Жинақта үш түрлі дәм бар: қызыл, сары және жасыл алма. Нәзік шоколад қабығы, хош иісті алма джемі және талғампаз салмалар үйлесіп, ерекше дәм топтамасын құрайды. Бұл — дәм, тарих және эстетиканы біріктіретін Қазақстанның символдық сыйлығы.
Alatau Selection — барлық алмалардың арғы атасы саналатын Сиверс алмасы алғаш пайда болған Алатау тауларынан шабыт алған ерекше сыйлық жиынтығы. Жинақта Qazaq Apple брендінің ең үздік алма дәмдері ұсынылған: шоколадты кәмпиттер, Mix Trio ассортиі, хош иісті алма шайы, табиғи пастила және алма чипстері. Әрбір өнім Қазақстан табиғатының байлығын және алманы ұқыпты өңдеу дәстүрін көрсетеді. Дәм, тарих және эстетиканы үйлестірген бұл жиынтық — алманың отанын танытатын сәнді сыйлық.
Heritage Grand Collection — Қазақстандағы алма мәдениетінің бастауларына арналған Qazaq Apple брендінің флагмандық сыйлық жиынтығы. Екі үлкен конфет қорабы, табиғи алма шайы, пастила және алма чипстері алма дәмдерінің бай топтамасын құрайды. Бұл — елдің символына айналған алманың табиғи мұрасын көрсететін ерекше коллекция. Маңызды сәттерге арналған талғампаз әрі әсерлі сыйлық.
Қазақстан алмасының бөліктері қосылған көк шай негізіндегі хош иісті алма шайы — табиғи балғындық пен жеңіл дәм үйлесімі. Көк шайдың нәзік ноталары алма хош иісімен үйлесіп, жұмсақ әрі жағымды дәм береді. Бұл шай тыныштық, жылылық және табиғи сергектік сезімін сыйлайды. Демалыс сәттеріне, сыйлыққа немесе Қазақстан — алманың отаны екенін сезінуге арналған ерекше шай.
Qazaq Apple табиғи алма чипстері экологиялық таза өңірлерде өсірілген қазақстандық фермерлік алмалардан дайындалады. Жұмсақ кептіру әдісі жемістің табиғи дәмін, хош иісін және құрылымын сақтайды. Жеңіл, қытырлақ әрі табиғи дәм бұл чипстерді тамаша тіскебасар әрі ерекше сыйлыққа айналдырады. Бұл — алманың тарихи отаны Қазақстан табиғатының дәмі.
Qazaq Apple табиғи алма пастиласы қазақстандық фермерлік алмалардан дайындалады. Жұмсақ технология жемістің табиғи дәмін, хош иісін және нәзік құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Жеңіл жеміс тәттілігі, табиғи құрамы және нәзік хош иісі бұл пастиланы талғампаз десерт пен пайдалы тіскебасар етеді. Бұл — алманың тарихи отаны Қазақстан табиғатының дәмі.
Біздің кәмпиттеріміздің ерекшелігі неде?
салындысы қазақстандық алмалардан
Барлық үй алмаларының атасы – Алматы маңындағы Тянь-Шань тауларының бөктерінде өсетін Сиверс алмасының ағашы. Осы Қазақстанның символынан шабыт алып, біз алманың пішінінде кәмпиттер жасап, оларды қазақстандық алмалармен толтырдық.
Табиғи құрамы мен жоғары сапасы
Біз нағыз дәмнің сапалы ингредиенттерден басталатынына сенеміз. Сондықтан біздің кәмпиттер тек табиғи өнімдерден жасалады: балғын қазақстандық алмалардан, атақты бельгиялық шоколадтан және жасанды бояғыштар мен консерванттарсыз. Біз сізге тек ұмытылмас дәм сыйлап қана қоймай, әрбір кәмпиттің сіздің денсаулығыңызға қамқорлықпен жасалғанына сенімділік беру үшін барымызды саламыз.
Қолдан жасалған және әрбір кәмпиттер бірегейлігі
Әрбір Qazaq Apple кәмпиті – бұл кішігірім өнер туындысы. Біз оларды сүйіспеншілікпен қолмен жасап, әрбір мәнісіне ерекше көңіл бөлеміз: алманың мінсіз пішінінен бастап, қазақстандық алманың хош иісі сіңген ішкі салындысына шейін. Осылайша, әрбір кәмпит бірегей болады, ал әрбір қорапта біздің жанымыздың бір бөлігін табасыз. Бұл жай ғана тәттілік емес - бұл керемет сыйлық болатын немесе ерекше сәттерге арналған тамаша таңдау болатын жан-толғанысы!
Сіздердің эмоцияларыңыз — біздің ең үлкен марапатымыз.
Біз сіздің кәмпиттеріңізді сыйлық ретінде Францияға, Бельгияға және Германияға апардық — бәріне қатты ұнады! Дәмді, ерекше, әрі әдемі оралған. Осындай сапалы отандық өнім үшін рақмет! 👍
Бұл кәмпиттерді сыйлыққа бердім — олар керемет! Бұл сыйлықтан қанша эмоция пайда болады! Дәмі өте тамаша, қаптамасы да әдемі. Нағыз шедевр! 👏🔥👍
Шынымен де дәмді! Бүкіл отбасымызға ұнады. Барлығына шын жүректен кеңес беремін — сапасы жоғары, дәмі ерекше, табиғи әрі керемет дәмді! 🔥🔥🔥🔥
Қайырлы күн! Біз сіздің кәмпиттеріңізді сатып алып, оларды шетелге алып кеттік. Шведтерге қатты ұнады! 🍬🍬🍬 Рақмет сізге!
Кеңседе әріптестерімді және шетелдік қонақтарымды сыйладым — бәрі дәмі мен дизайнерлік қаптамасына риза болды! Рақмет 🌹 Сізге табыс пен өркендеу тілеймін! Жаңа дәмдер өте керемет!
Үлкен рақмет! Рецептіңізді өзгертпеңіз — мен татқан кәмпиттер нағыз ләззат болды 🙌 Сізге және компанияңызға гүлдену тілеймін 🌸 Бұл — Қазақстанның жаңа бренді мен визит картасы! 👌👍
Мұнда біздің кәмпиттерімізді сатып алуға болады
Онлайн сауда алаңдары
Сіздің тапсырысыңыз
Түймені басу арқылы сіз жеке деректерді өңдеуге келісесіз және құпиялылық саясатымен келісесіз
БСН: 200140036025 Қазақстан, Алматы қ., Байзақов көшесі, 280-үй, 3-кеңсе +7 771 895 1899 info.qazaqapple@gmail.com